Камиль Куруглиев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Жанкелді Қаржан
|
14.09.2025 15:21

Бүгін әлем чемпионатында жарыс жолын бастаған ақтаулық Камиль Куруглиев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды otpannews.kz.
92 келіде белдесіп жатқан қазақстандық еркін күрес шебері Қытай спортшысы Хуа Цзені мерзімнен бұрын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Енді жерлесіміз келесі айналымда Германия және Израиль балуандары жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ, бүгін белдескен Әділет Әлмұхамедов (57 кг) пен Болат Сақаев (79 кг) алғашқы айналымда есе жіберді.
84

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев