Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Каспий» өз алаңында жеңіске жетті

Жанкелді Қаржан
|
13.09.2025 09:17
«Каспий» өз алаңында жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында ақтаулық «Каспий» өз алаңында Павлодардың «Ертісінен» басым түсті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ойын басталысымен қос команда қорғанысты берік ұстап, алғашқы таймның соңына дейін есепті тең ұстады. Дегенмен, «Каспий» шабуылшысы Мирас Тұрлыбек жартылай қорғаушы Бекзат Қабыланның 45-минутта берген пасын оңтайлы пайдаланып, «Ертіс» қақпасынан саңылау таба білді. 


Ойынның 54-ші минутында жартылай қорғаушы Бекзат Қабылан кезекті рет нәтижелі пас беріп, каспийлік шабуылшы Бақдәулет Көңілімқос есепті еселеп, нәтижесі 2:0-ге жеткізді. Ойын соңына таман «Каспий» ойыншылары дөрекі ойыны үшін төрешіден ескеру алып, үш сары қағаз иеленді. Дегенмен, таблодағы есе матч біткенше өзгермеді. 


Осылайша «Каспий» 20 тур ойындарынан кейін 50 ұпаймен бірінші лиганың турнир кестесінде көш бастады. Екінші орында «Ертіс» 48 ұпаймен келе жатыр. Ал үштікті Өскеменнің «Алтайы» 41 ұпайымен түйіндеген. 


Айта кететін жайт, «Каспий» осыған дейін 16 ойында жеңіс тойын тойласа, 2 тең есепті тіркеп, 2 мәрте есе жіберген.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!