Әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуін өткізеді

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында маңғыстаулық Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуіне шығатын болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жерлесіміз еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі белдесуде жеңіске жетті. Ол алғашқы кездесуінде Қытай балуанын 10:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда Израиль өкілін 8:0 есебімен қапы қалдырды. Өкінішке қарай, Камиль ширек финалда UWW құрамасының балуаны Аманула Гаджимагомедовке 9:0 есебімен жол берді.
Қарсыласы финалға шыққан соң ақтаулық балуан жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкін алып отыр. Енді ол Түркия және Италия балуандары жұбының жеңімпазымен сынға түседі. Егер жеңіске жетсе, парсы спортшысымен қола жүлденің иесін анықтайды.
Аталған әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары 61 және 70 келіде қола медальға ие болды. Олардың бірі Асылжан Есенгелді болса, Нұрқожа Қайпанов әлем біріншілігінде үшінші мәрте жүлде алып отыр.
Сондай-ақ, Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.
