Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен екі адам Астанаға жеткізіледі

Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізетін болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облысындағы Бекет-ата – Шопан-ата автожолында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйел бір күн бұрын санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтары мамандарының қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылып отыр.
Олардың бірі - полижарақат диагнозы қойылған, екі өкпесі де көгерген, бұл десатурация кезеңдерін тудырады және тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, енді алаңдаушылық туғызбайды.
Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында ем қабылдаудап жатыр. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты екені айтылды.
