Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтеді

Гүлмира Аманжолқызы
|
15.09.2025 08:39
Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтеді

Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтіп жатыр. Алдағы уақытта тексерістер, рейдтер, сондай-ақ қалааралық бағыттар мен жекеменшік тасымалдарға мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.


Министрлік басты назарды көліктердің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне аударып отыр. Polisia.kz айтуынша, соңғы күндері еліміздің жолдарында үш бірдей қайғылы оқиға болды. 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуы салдарынан 10 адам қаза тапты. 14 қыркүйекте Жетісу облысында жолдың қарсы бағытына шығып кеткен көліктің әсерінен үш автокөлік соқтығысып, тағы 10 адамның өмірі қиылды. Қарағанды облысында да қарсы жолаққа шығу салдарынан болған жол апатында 5 адам көз жұмды.


Аталған фактілердің әрқайсысы бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Барлық жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасаймыз: жол қателікті кешірмейді. Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, қауіпті маневрлер жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау — осындай қателіктер адам өміріне қауіп төндіреді, — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!