Студенттерді бағалау жүйесіне қоғамдық және волонтерлік қызметке қатысу енгізіледі

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды otpannews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жоба әділ әрі объективті бағалау жүйесін құруға бағытталған жаңа норманы қамтиды. Ол оқу жетістіктерімен қатар әлеуметтік, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын да есепке алуды көздейді.
Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, білім беру гранты негізінде оқып жатқан студенттің академиялық қарызы болған жағдайда оны басқа жоғары оқу орнына ауыстыруға жол берілмейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты нормалар де енгізілмек.
Қағидаларға жасанды интеллектке қатысты талаптар қосылады. Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің қоғамдық өмір мен волонтерлік қызметке қаншалықты қатысатынын анықтау үшін әлеуметтік орташа балды енгізу. Министрліктің мәліметінше, академиялық жетістіктерден бөлек студенттердің әлеуметтік белсенділігі, зерттеу дағдылары және аймақтық әрі республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы да ескерілетін болады.
Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
