Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

ІІМ Маңғыстаудағы жол апатына байланысты үндеу жасады

Гүлмира Аманжолқызы
|
11.09.2025 21:23
ІІМ Маңғыстаудағы жол апатына байланысты үндеу жасады

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған қайғылы жол апатына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді, деп жазады otpannews.kz kazinform.kz-ке сілтеме беріп.


ІІМ ресми өкілі, департамент бастығы Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, министр қылмыстық істің тергеу барысын жеке бақылауына алған. Тергеу аясында жүргізушінің әрекеті, көліктің техникалық жағдайы, маршрут пен тасымалдау шарттары тексерілуде.


ІІМ әкімдіктермен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда. Оның ішінде:

• қаза тапқандардың денесін өңірлерге жеткізу;

• туыстарымен тұрақты байланыс орнату;

• жерлеу рәсіміне көмек көрсету;

• сақтандыру және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.

175
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!