Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Итальян режиссері Маңғыстауды «Марсқа» теңеді

Нұргүл Алясова
|
14.09.2025 09:41
Итальян режиссері Маңғыстауды «Марсқа» теңеді
Nikola Krstic

Итальяндық режиссер әрі тревел видеограф Никола Крстич Маңғыстау өңірінің таңғажайып табиғатын дрон арқылы таспалап, ерекше әсерін бөлісті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Маңғыстауға жасаған сапарын былай деп сипаттады: «Басында өзімді Марсқа қонғандай сезіндім – бірақ шын мәнінде бұл Қазақстандағы таңғажайып Маңғыстау өңірі екен. Досым екеуміз бір апта бойы осы тылсым өлкеде болып, табиғатты тамашаладық. Әр бұрылыстан кейін жаңа бір ғаламшарға түскендей болдық. Дронмен түсірілген кадрлар бұл табиғаттың қаншалықты ерекше екенін көрсетті», – дейді режиссер.


Никола Крстич – @filmmkrs жобасының негізін қалаушы, саяхатшы әрі визуалды сторителлинг саласында танымал маман. Ол туған Сербияда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Италияда шығармашылықпен айналысады.

88
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!