Маңғыстаулық оқушылар «Менің шағын Отаным» байқауынан жүлделі оралды
 
                                                    29–31 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурсының қорытынды кезеңінде маңғыстаулық оқушылар аймақ абыройын асқақтатты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Білім басқармасының хабарлауынша, байқауға облысымыздан 4 оқушы қатысып, олардың үшеуі жүлделі орын иеленсе, бір оқушы арнайы марапатқа ие болды.
Жүлдегерлер:
- Мұханадин Ақмаржан – Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің 9-сынып оқушысы,
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы бойынша ІІ орын;
- Көбен Нұрбек – Ақтау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы,
«Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша ІІ орын;
- Нұрмұхан Жантөре – Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы,
«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша ІІ орын;
- Омарұлы Уалитхан – Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейінің 10-сынып оқушысы
«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша ерекше жетістігі үшін Грамотамен марапатталды.
Білім басқармасы бұл жеңіс – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен зерттеу қабілетінің жемісі деп атап өтті.
 
                         

 
                