Ақтауда терезе арқылы бөтен адамның пәтеріне кірген азамат 5 тәулікке қамалды
 
                                                    Ақтаудағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты К есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша іс қозғады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Оқиға 8 шағынаудандағы 22 ғимаратта болды. Мас күйдегі ер адам пәтерлердің біріне терезе арқылы кіріп, қоғамдық тәртіпті және тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысы барысында К есімді азамат өз кінәсін мойындады. Құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да дәлелдемелермен расталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жаза жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды немесе бес күннен он бес күнге дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Әкімшілік айыппұл мөлшерін анықтау кезінде сот К-ның заңсыз әрекеттері сияқты ауырлататын мән-жайларды ескерді. Сот жеңілдететін мән-жайларды таппады.
Нәтижесінде К есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасына кесілді.
 
                         

 
                