“Otbasy Fest” фестивалі: Жергілікті дизайнерлік өнімдер дефилесі өтті
“Отбасы – бақыттың бастауы” фестивалінде жергілікті қолөнер шеберлері мен киім дизайнерлері өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Жәрмеңке шатырында жергілікті қолөнершілер өз бұйымдарын ұсынып, «Кітап ал», хэндмейд пен сувенирлер, Bulka, BR кафелері тоқаштар мен сусындар ұсынды.
Сондай-ақ шарада өңірдегі дизайнерлердің киімдері көпшілікке ұсынылып, дефиле ұйымдастырылды.
“Бүгінгі жәрмеңкеге “Alinur kids” брендінің өнімдерін алып келдім. Біз келушілерге қазақи этно киімдер ұсынудамыз. Көбіне қала тұрғындарының сұранысы балалардың есімі жазылған шапанға түседі”, - деді киім дизайнері, көпбалалы ана Эльвира Кударова.
Ал балалар шығармашылығына арналып тігілген шатырда шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек қала тұрғындарына арнап, тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылып, “Ұлттық ойындар” шатыры құрылды. Спорт үздіктері келушілерге кәсіби кеңес берді.
Айта кетейік, шара Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асты.
109
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев