Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Республика күні: Ақтауда «Отбасы – бақыттың бастауы» атты «Отбасы Fest» фестивалі басталды

|
25.10.2025 15:54
Республика күні: Ақтауда «Отбасы – бақыттың бастауы» атты «Отбасы Fest» фестивалі басталды

Бүгін Ақтауда қала қонақтары мен тұрғындарына арнап, Республика күні аясында «Отбасы – бақыттың бастауы» атты «Отбасы Fest» фестивалі өтуде, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Іс-шара ағаш отырғызумен басталды. Енді “Достық үйі” алаңқайында  «Отбасы бағы» пайда болды. Бұл шағын бақта облыстық «Мерейлі отбасы», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» байқауларының жеңімпаз және лауреат отбасылары мен көп балалы аналар, жас отбасылар, облыстық аналар, ақсақалдар кеңестерінің өкілдері 12 түп тал отырғызды.


Отбасы фестивалін Маңғыстау облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева ашып берді. Мерекелік іс- шара маңғыстаулық жас таланттардың концерттік бағдарламасымен басталды. 

Фестиваль аясында көрме мен жәрмеңкелер, отбасыларды қолдауға арналған шеберлік сағаттар мен викториналар, спорттық ойындар мен өзге де қызықты іс-шаралар ұйымдастырылған.


Алаңқайда «Отбасын қолдау орталықтары», «Балалар шығармашылығы», «Ұлттық ойындар», «Оңалту орталықтары», «Жәрмеңке», «Таза Қазақстан» атауымен 6 шатыр құрылды.


“Біз бүгін мереке аясында көрмеге өз қолымызбен жасалған бұйымдарды шығарып, келушілерге, балаларға күздік композиция жасауды үйретудеміз. Таң атқалы көптеген қала тұрғыны өз қызығушылықтарын тудырып, асқабақтан декор жасаудың қыр-сырын үйренді”,- деді AiCraft студиясының өкілі Айгүл Серікқалиқызы.
97
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!