Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда жарылыстан кейін тұрғындар жертөледегі цехтар мен асүйлердің қауіпсіздігін тексеруді талап ете бастады

|
31.10.2025 14:42
Ақтауда жарылыстан кейін тұрғындар жертөледегі цехтар мен асүйлердің қауіпсіздігін тексеруді талап ете бастады
Көрнекі сурет

Ақтаудың 32-шағынауданындағы жарылыс оқиғасынан кейін қала тұрғындары көпқабатты үйлердің төменгі және жертөле қабаттарында орналасқан өндірістік нысандардың қауіпсіздігін тексеруді сұрап отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мәселен, 28а шағын аудандағы 9 үйінің тұрғындары облыстық ТЖД-не жүгініп, ғимараттың жертөлесінде орналасқан блогы мен асүйдің өрт және жарылыс қауіпсіздігін тексеруді талап етті. Тұрғындардың айтуынша, жертөле үйдің ОСИ төрағасы тарапынан тұрғындардың келісімінсіз жалға берілген.


«Өндіріс ауқымын көріп, біз өрт қауіпсіздігіне алаңдап отырмыз. Асүй жертөледе орналасқан, эвакуациялық шығу жолы жоқ, тек бір бұрышта ғана есік бар. Өрт кезінде қалай эвакуация жасалады? Онда түтін немесе ашық от анықтайтын құрылғылар орнатылған ба? Электр сымдары стандарттарға сай ма, асүй қай жерден қуат алады, есептегіш құрылғы бар ма? Сондай-ақ, желдету жүйесі бар-жоғын анықтау қажет», - деп жазылған тұрғындар жазған шағымда.


Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға e-Otinish жүйесі арқылы ресми өтініш беріп, фото, бейнежазба немесе құжат түріндегі дәлелдер қоса тапсыру керектігін алға тартып отыр.


«Кодекстің 144-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, жоспардан тыс тексеру тек заңбұзушылықтар туралы нақты дәлелдер болған жағдайда жүргізіледі. Сондықтан сіздерге e-Otinish жүйесі арқылы немесе өзге ақпараттық құралдармен (электронды пошта, хат және т.б.) растайтын материалдармен бірге өтініш жолдау қажет», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.


Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметі заң бойынша жертөле, төменгі бөлік қабаты, шатыр және техникалық бөлмелерді бастапқы жобада көзделмеген мақсатта пайдалануға болмайтынын еске салып отыр. 

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!