Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаудағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі: 8 қарашадан бастап жәрмеңке жаңа орынға көшеді

|
31.10.2025 10:01
Ақтаудағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі: 8 қарашадан бастап жәрмеңке жаңа орынға көшеді

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаладағы жеке кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі туралы айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Әкіммен кездесуде кәсіпкерлер жәрмеңке өтетін жаңа орынға көшіп үлгермейтіндерін жеткізді. Олардың айтуынша, белгіленген мерзім ішінде көшуге техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан дайындық жоқ. Сондықтан қала тұрғындарына жәрмеңке орынын ауыстыру туралы алдын ала хабарлау үшін уақыт сұрап, көшуді шегеруді сұрады. 


Ақтау қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес, жәрмеңкені 26 шағынаудандағы бұрынғы орнынан 36 шағынаудан “Көтерме сауда базары” аумағына көшіруіміз қажет. Себебі қазіргі орналасқан аумақта жоғары кернеулі электр желісі өтеді. Ол - адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, сонымен қатар көлік қозғалысына кедергі келтіреді деген қорытынды бар. Дегенмен, сіздердің өтініштеріңізді ескеріп, әзірге ұсынысты қолдаймын. Алайда келесі аптадан бастап жәрмеңке жаңа орында ұйымдастырылады,– деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.


Жиын барысында жәрмеңке орнын ауыстыру осы сенбіден келесі сенбіге, яғни 8 қарашаға ауыстырылды.


Қала әкімінің айтуынша, жәрмеңке 36 шағынауданға көшкеннен кейін кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы жеңілдіктер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!