Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Отбасы fest: Ақтаулықтарға медициналық кеңес берілді

|
25.10.2025 16:30
Отбасы fest: Ақтаулықтарға медициналық кеңес берілді

Ақтауда Республика күнінде «Отбасы – бақыттың бастауы» атты «Отбасы Fest» фестивалі өтіп жатыр. Достық үйінің алдында 6 шатыр ұйымдастырылған. Мұнда тұрғындар жәрмеңке, көрме, шеберлік сағаттарына белсенді қатысуда. Ал оңалту орталығы алаңында медицина мамандары тұрғындарға кеңес берді, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Оңалту орталығы алаңында Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының «Қамқорлық» және «Ақерке» медициналық орталығы тұрғындарға тегін медициналық кеңес беріп жатыр.


- Біздің орталық мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетеді. Оның ішінде орталықта реабилитациялық құрал –вертикализатор, ортопедиялық велосипед бар, сондай-ақ қимыл-қозғалысты дамытуға, бұлшық ет тонусын түзетуге арналған атлант костюм бар. Есту, сезу мүшелерін дамытуға арналған сенсорлы бөлме, құм терапиясы, интерактивті сенсорлы үстел жұмыс істейді. Бүгінгі фестте ақтаулық тұрғындарға «Қамқорлық» орталығының жұмыс істеп тұрғанын айттық. Шамамен 30-ға жуық тұрғын тегін кеңес алып, орталықтың жұмыс істеп тұрғанын білді, - дейді «Қамқорлық» оңалту орталығының эрготерапевті Жаңылсын Жақсылықова.


Айта кетейік, мереке әлі де жалғасып жатыр. Енді қатысушылар сахнада шараның хедлайнерлері – Алғыт пен Зирузаның өнерін тамашалайды.

110
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!