Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда әскери борышын үздік өтеген бес сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алады

Ақтауда әскери борышын үздік өтеген бес сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алады

Ақтауда әскери борышын тәмамдаған 217 үздік сарбаз сертификатпен марапатталып, 5 сарбаз қорғаныс министрінің арнайы грантына ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz


Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының саптық алаңында өткен салтанатты рәсімге сарбаздар мен бөлімнің жеке құрамы қатысты. 51809 әскери бөлімінің штаб бастығы Нұржан Сүлейменовтің айтуынша, үздік әскери қызметшілер бір жыл ішінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады, ал басқа мерзімді қызметшілерге жеңілдіктер қарастырылған.


Бір жыл ішінде үздік деп танылған 5 мерзімді әскери қызметшіге жоғары оқу орнына грант сертификаттары табысталды. Олар бір жыл ішінде жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсе алады. Ең үздік әскери қызметшілер осылай марапатталады. Сонымен қатар, жоғары әскери оқу орнына түсуге ниетті мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерге жеңілдіктер бар. Әуе қорғаныс күштерінің басшылығы, әскери бөлім қолбасшылығы мерзімді әскери қызметшілерге зор алғысын білдіреді, - деді 51809 әскери бөлімінің штаб бастығы Нұржан Сүлейменов.


Әскери борышын өтеуге Маңғыстауға Ақтөбе облысынан келген сарбаз Нұрайдын Бердіхан мұндай мүмкіндікке ие болғанына риза.


Әскери борышымды өтеу арқылы тегін оқу грантына ие болдым. Ең үздік маман атандым, өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік үшін Қорғаныс министрлігі мен 51809 әскери бөліміне алғысымды білдіремін, - дейді сарбаз Нұрайдын Бердіхан.


Айта кетейік, өңірдегі Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімдерден жыл сайын шамамен 1000 сарбаз әскери борышын өтейді. Қараша айының соңынан бастап әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жаңа сарбаздар легі ант қабылдайды.

111
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!