Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкері 4 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырып, Қазақстаннан қашып кеткен

"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкері 4 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырып, Қазақстаннан қашып кеткен
ҚР Бас прокуратурасы

Ресейден Қазақстанға шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Күдікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ-ның маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдары автокөлік иелерін іздеп тауып, олардың көліктерін бастапқы тіркеу алымдары төленгені жөнінде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізу арқылы заңсыз тіркеп отырған.


Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі мемлекетке залал келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Биылғы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды, - делінген ақпаратта.


Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

91
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!