Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық мұғалімдер замануи жасанды интеллект құралдарын меңгерді

Маңғыстаулық мұғалімдер замануи жасанды интеллект құралдарын меңгерді

Ақтауда өңір ұстаздарына арналған «Мұғалім және ЖИ: заманауи цифрлық оқыту құралдары» тақырыбында курс өтті. Бұл шара ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи цифрлық және жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануды үйретуге бағытталған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Курсқа облыстың мектеп, колледждерінен 60 педагог қатысты. Оқыту жұмыстарын Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің тәжірибелі мұғалімдері жүргізді.


5 модульден тұратын бағдарлама барысында педагогтар көрнекі және мультимедиялық контент әзірлеуді, ChatGPT және өзге де жасанды интеллект құралдары арқылы сабақ жоспарлары мен тапсырмаларды дайындауды, AI көмегімен инфографика, аудио және бейнематериалдар жасауды меңгерді.


Мұғалімдерге жасанды интеллект құралдарын үйрету мақсатында үлкен курс өткіздік. 4 күнге созылған шарамызға қатысушылар дән риза. Себебі олар курс арқылы өздерін жаңа қырынан көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ұстаздар пайдалы әрі тың дүниелерді меңгеріп, тек теория жүзінде емес, тәжірибе арқылы да жасап үйренді, - деді «Тәлімгер» кәсіптік бағдар беру және кәсіпкерлікті дамытудың әдістемелік орталығының жетекшісі Зейнеп Тастемірова.


Айта кетейік, оқыту соңында қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын меңгергенін растайтын сертификат табысталды.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!