Otpan News Logo

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуші полицейлер отбасы дауыс берді

|
15.03.2026 18:45
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуші полицейлер отбасы дауыс берді

Бүгін, 15 наурыз күні, Жаңаөзен қаласындағы №95 сайлау учаскесінде полиция қызметкерлері – Жандос және Фирюза Меркибаевтар референдумда өз таңдауларын жасап, дауыс берді.


Полиция капитаны Меркибаев Жандос Асқарұлы 2012 жылдан бері Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасында қызмет етеді. Қазіргі таңда рота командирінің орынбасары.

Ал полиция капитаны Меркибаева Фирюза Сабитқызы 2020 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Жедел басқару орталығының аға инспекторы.


2022 жылдың қаңтар айында шаңырақ көтерген жас отбасы ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, референдумды қолдайтындарын жеткізді.


– Әрбір азамат ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс беруі керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз, – деді олар.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!