Дина супермаркетінің қызметкерлері референдумға барады
Ақтау қаласының 33-шағынауданындағы «Дина» супермаркетінде коалиция мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері тұрғындармен кездесіп, алдағы референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Кездесу барысында қала тұрғындары мен супермаркетке келген тұтынушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен мазмұны таныстырылды.
Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы қоғамдағы демократиялық үдерістерді нығайтуға және азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.