Otpan News Logo

“Маңғыстау style”: Қазақша киінген робот референдумға келушілермен көрісті

|
15.03.2026 17:17
“Маңғыстау style”: Қазақша киінген робот референдумға келушілермен көрісті

Ақтаудағы референдумға “Дауыс” есімді гуманоид роботы келіп, сайлау учаскесі инновациялық сипат алды. Дауыс беруге келген адамдар роботпен көрісіп, оның өнерін тамашалады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


“Оқушылар сарайында” орналасқан сайлау учаскелеріне келушілердің көңілін көтерген “Дауыс” Маңғыстау жұртына тән көрісіп, Амалмен құттықтады. Ұлттық киім киген роботқа қала тұрғындар риза болды. 


“Референдум – саяси маңызы жоғары, өте салмақты өзгеріс. Осындай толқынысқа толы күні роботтың қазақ киімін киіп, би билегенін көргенде көңілің көтеріледі екен. Мұндай роботты алғаш көруім”,- деп пікір білдірді келушілер. 


Айта кетейік, өңірде 261 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындар кешкі 20:00 дейін дауыс бере алады.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!