Маңғыстаудағы филармония әншісі референдумда дауыс берді
Бүгін өтіп жатқан референдумда М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Ақмарал Арғынқызы да өз таңдауын жасады.
Өнер иесі Ақтау қаласындағы 27-шағынауданда орналасқан МО ББ «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» ғимаратындағы №45 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Ақмарал Арғынқызы бүгінгі күннің ел үшін тарихи әрі маңызды екенін атап өтті.
— Бүгін еліміз үшін өте маңызды әрі тарихи күндердің бірі. Мемлекетіміз жаңа бастамаларға қадам басып жатыр. Сондықтан осындай даму үдерісінде еліміз алдыңғы қатарлы, озық ойлы мемлекеттердің бірі болса екен деп тілеймін. Өз таңдауымды жасап, елім үшін маңызды тарихи күннің бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын. Қазақстан азаматы әрі өнер саласының өкілі ретінде өзгерістер енгізілетін баптардың ішінде авторлық құқықты қорғау мәселесі қарастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Өнер — адал еңбек, ал сол еңбекті қорғау үшін заң қажет. Өнердің заңмен қорғалуы шығармашылық иелерінің дамуына да жол ашады деп сенемін, — деді ол.
Айта кетейік, дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев