Otpan News Logo

№68 референдум учаскесінің төрайымы: Референдум - азаматтық ұстанымыңды білдіретін сәт

|
15.03.2026 17:57
№68 референдум учаскесінің төрайымы: Референдум - азаматтық ұстанымыңды білдіретін сәт

Бүгін, 15 наурыз күні республикалық референдум аясында Маңғыстау өңіріндегі сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Ақтау қаласының 16-шағынауданында орналасқан №68 референдум учаскесінде сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. 


№68 референдум учаскесінің төрайымы Амангүл Оразованың айтуынша, учаскеге бекітілген тұрғындар саны – 2224 адам. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. 


- Әрбір азамат еркін таңдау жасап жатыр. Референдум учаскесінде ұйымдастыру жұмыстары өте сапалы жүргізілді. Азаматтар тарихи сәтттің маңызын терең түсініп, әр таңдау мен әр дауыстың салмағын саралай біледі деген сенімдемін. Бірінші дауыс берген сайлаушыға сыйлық ұсындық. Сондай-ақ алғаш рет сайлауға қатысып жатқан азаматтарды естелік сыймен қуантуды жөн санадық. Дауыс беруге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі және әрбір адамның мемлекеттің болашағына қосқан үлесі. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады»,-дейді Амангүл Оразова. 


Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру белсенді жалғасып жатыр. Маңғыстауда дауыс беру күні тұрғындардың учаскелерге баруын жеңілдету үшін қалада қоғамдық көлік қатынауы тегін ұйымдастырылды.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!