Otpan News Logo

18 жасқа толған референдумға қатысуға құқығы бар азамат алғаш рет дауыс берді

|
15.03.2026 17:50
18 жасқа толған референдумға қатысуға құқығы бар азамат алғаш рет дауыс берді

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №229 референдум учаскесінде 18 жасқа толған Доғдырбай Даниял алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық құқығын пайдаланды.


Алғаш рет дауыс беріп отырған референдумға қатысуға құқығы бар азаматқа учаскелік референдум комиссиясы атынан естелік сыйлық табысталды.


– Бүгін референдумға құқығы бар азамат ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Дауыс беру жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Референдум мемлекеттің дамуына, болашағына әсер етеді. Сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Осындай маңызды сәтте өз таңдауымды жасау мен үшін үлкен жауапкершілік, – деді Даниял Бексатұлы.
25
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!