Otpan News Logo

Егіздер референдумда дауыс берді

|
15.03.2026 17:55
Егіздер референдумда дауыс берді

Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылындағы №135 референдум учаскесінде егіз ағайындылар Қалпақбай Қосан мен Досан дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты.


Ағайынды егіздер референдумға арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Олардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруі тиіс.


Төлеп ауылының тұрғындары да референдумға белсенді қатысып, №135 учаскеде дауыс берушілердің қарасы көп болды. Бұл тұрғындардың елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға бейжай қарамайтынын аңғартады.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!