Otpan News Logo

Референдумға келген келіндер сәлем салды

|
15.03.2026 19:52
Референдумға келген келіндер сәлем салды

Маңғыстау облысында өткен референдумда ұлттық дәстүр көрініс тапты. Дауыс беру учаскелерінің біріне келген жас келіндер қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, үлкендерге сәлем салды.


Ұлттық киім киген келіндер дауыс беру учаскесіне келіп, алдымен ел ағалары мен ақ жаулықты аналарға иіліп сәлем берді. Бұл көрініс жиналған тұрғындардың көңілін көтеріп, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің белгісі болды.


Іс-шараға қатысқан тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың елдік мәселелерге бейжай қарамайтынын және дәстүр мен заманауи азаматтық белсенділікті ұштастыра білетінін көрсетеді.


Айта кетейік, өңірде референдум күні тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беру учаскелеріне әртүрлі жастағы азаматтар келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.


Ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды насихаттаған бұл сәт көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!