Otpan News Logo

Маңғыстаулық көпбалалы ана референдумда өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 17:49
Маңғыстаулық көпбалалы ана референдумда өз таңдауын жасады

Ақшұқыр ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сүлейменова Есқаным келінімен және немересімен референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол Ақшұқыр ауылында орналасқан №237 референдум учаскесінде дауыс берді.


Оның айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат пен азаматша өз пікірін білдіруі керек.


-Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін осындай маңызды науқандарға қатысу – біздің азаматтық борышымыз деп ойлаймын, - деді көп балалы ана.
32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!