«Каспий» футбол клубының ұжымы референдумға қатысты
15 наурыз күні «Каспий» футбол клубының ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси оқиға — республикалық референдумға қатысып, азаматтық таңдауларын жасады.
Команда ойыншылары мен клуб қызметкерлері дауыс беру учаскесіне келіп, еліміздің болашағына бейжай қарамайтындарын және әрбір азаматтың дауысы мемлекет дамуы үшін маңызды екенін көрсетті.
Клуб өкілдерінің айтуынша, «Каспий» ФК тек спорттық жетістіктермен ғана емес, қоғам өміріндегі маңызды бастамаларға да белсенді қатысып келеді. Команда алаңда да, алаң сыртында да жауапкершілік танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмайды.
Айта кетейік, республикалық референдум аясында өңір тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.