Otpan News Logo

Маңғыстаулық танымал актриса Майра Бақбердиева референдумда дауыс берді

|
15.03.2026 18:02
Маңғыстаулық танымал актриса Майра Бақбердиева референдумда дауыс берді

Бүгін өтіп жатқан референдумда Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актрисасы, Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Майра Бақбердиева өз таңдауын жасады.


Актриса Ақтау қаласындағы 28-шағынауданда орналасқан №20 жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №48 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Майра Сәрсенқабылқызы бүгінгі референдумның мемлекеттік маңызы зор тарихи шара екенін атап өтті.


— Бүгін өзіме бекітілген сайлау учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Бұл құжат мемлекетіміз үшін аса маңызды екенін жақсы білеміз. Сондықтан еліміз үшін маңызды әрі тарихи шешім қабылданатын күні белсенді қатысып, азаматтық борышымды орындадым, — деді ол.


Айта кетейік, дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!