Otpan News Logo

Маңғыстау өңіріне танымал мұрап өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 18:11
Маңғыстау өңіріне танымал мұрап өз таңдауын жасады

Жаңаөзен қаласының тұрғыны, су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы, Қазақстан Республикасы Президентінің ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені иегері Мергенбай Қапарбаев бүгін дауыс беру учаскесіне келіп, республикалық референдумда алғаш рет өз таңдауын жасады.


Мергенбай Қапарбаев - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» МКК-ның бас инженері. Ол 30 жылға жуық уақытын су шаруашылығы саласына арнап, кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған.


Марапат иесі өз сөзінде: «Мемлекетіміздің болашағына қатысты шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат өз таңдауын білдіруі тиіс. Бүгін референдумға қатысып, өз үлесімді қостым», - деп атап өтті.


Жаңаөзен қаласында референдум күні дауыс беру учаскелері өз жұмысын жалғастырып, тұрғындар ел тағдырына бейжай қарамай, белсенділік танытуда.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!