Otpan News Logo

Archimed медициналық орталығының қызметкерлері референдумға барады

|
11.03.2026 12:40
Archimed медициналық орталығының қызметкерлері референдумға барады

Ақтау қалалық коалициясының мүшелері Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы ұжымымен кездесіп, Конституциялық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Кездесу барысында коалиция мүшелері референдумның маңызы, оның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі және қоғам өміріне ықпал ететін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екені айтылды.


Коалиция мүшесі Пәния Сармузина жаңа Конституцияның ерекшеліктерін атап өтті.


– Жаңа Конституцияның ерекшеліктеріне тоқталсақ, ең алдымен құжаттың қазақ тілінде жазылуына ерекше мән берілген. Сонымен қатар Парламент пен Сенаттың рөлі күшейтіліп, халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұл бастамаларды халық та жылы қабылдап жатыр. Өйткені қазақ қоғамында құрылтай – елдің болашағын айқындайтын маңызды әрі қасиетті жиын ретінде бағаланады, – деді Пәния Сармузина.


Дәрігерлер қауымы да өз кезегінде ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді. Олардың айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық пен даму – әр азаматтың белсенділігі мен бірлігінің нәтижесі.


Еліміздің қарқынды дамуы ел өміріне енгізіліп жатқан оң жаңашылдықтармен байланысты екенін түсінген медицина қызметкерлері ел болашағы үшін референдумды қолдайтындарын білдіріп, саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендерін атап өтті.

199
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!