Otpan News Logo

«Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 17:12
«Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы өз таңдауын жасады

Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – референдум өтуде. Бұл – әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысатын маңызды кезең. Осындай жауапты сәтте Мұнайлы аудандық «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Райхан Дарибаева да белсенділік танытып, өз шешімін қабылдады.


Райхан Дарибаева денсаулығына байланысты референдум күні дауыс беру учаскесіне бара алмады. Алайда ол өзінің учаскелік комиссияға алдын ала өтініш беріп, үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Өтініш тіркелгеннен кейін комиссия мүшелері арнайы тасымалданатын дауыс жәшігімен үйіне барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды.


Референдум – елдің болашағына әсер ететін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның азаматтарының белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты.  


- ⁠Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым. Әрбір азаматтың дауысы елдің болашағына әсер ететін маңызды қадам деп есептеймін. Сондықтан өңір тұрғындарын белсенділік танытып, өз қалауларын жасауға шақырамын. Елдің ертеңі әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты. Баршаңызға келе жатқан жаңа жыл құтты болсын.
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!