Otpan News Logo

Дауыс беру барысын байқаушылар бақылауда

|
15.03.2026 19:40
Дауыс беру барысын байқаушылар бақылауда

Аудан тұрғындары бұл маңызды саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенді түрде қатысуда. Таңғы уақыттан бастап референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатқан азаматтардың қарасы қалың.


«Референдумға таңатысымен аудан тұрғындары қатысып, азаматтық борыштарын орындауда. Қәзіргі кезде референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы бақылаушылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері учаскелерде бақылау жүргізуде. Референдумның барлық рәсімдері белгіленген заңнама аясында іске асырылуда, дауыс беру учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалған», - деді №145 референдум учаскесінің «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің байқаушысы Мария Джаксыбаева.


Айта кетейік, байқаушылар дауыс беру барысын қадағалап, референдумның барлық рәсімдерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуде.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!