Otpan News Logo

Нұрсұлу Сейдалиева: Ақтауда референдумға қатысу белсенді өтіп жатыр

|
15.03.2026 17:43
Нұрсұлу Сейдалиева: Ақтауда референдумға қатысу белсенді өтіп жатыр

Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында республикалық референдум аясында дауыс беру процесі жалғасуда. Осыған орай №62 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрсұлу Сейдалиева халықтың саяси науқанға белсенді қатысып жатқанын атап өтті.


Оның айтуынша, қала аумағындағы барлық дауыс беру учаскелері штаттық режимде жұмыс жасап, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етуде. Таңғы сағаттан бастап тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.


Сондай-ақ учаскелерде барлық азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік жасау мақсатында қажетті жағдайлар жасалып, қажет болған жағдайда инватакси қызметі ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, сурдоаударма қызметі де қолжетімді.


– Бүгін қала тұрғындары белсенділік танытып, референдумға қатысуда. Учаскелерде байқаушылар жұмыс істеп жатыр, олар дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін бақылауда. Сонымен қатар әрбір учаскеде жаңа Конституция жобасының мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған, азаматтар үшін оның аудио нұсқасы да ұсынылған, – деді №62 референдум учаскесінің төрайымы Нұрсұлу Сейдалиева.


Оның сөзінше, референдум күні азаматтарға арналған бірқатар ақпараттық және сервистік қызметтер де ұйымдастырылған. Дауыс беру учаскелерінің орналасуы туралы ақпарат тұрғындарға алдын ала жеткізіліп, QR-коды бар дербес шақырулар таратылған. Сонымен қатар PUSH-хабарламалар арқылы да дауыс беру туралы мәліметтер жолданған.


Айта кетейік, бүгін Ақтау қаласындағы барлық дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!