Otpan News Logo

Маңғыстау дзюдошылары референдумда белсенділік танытты

Маңғыстау дзюдошылары референдумда белсенділік танытты

Ұлттық нақышта киінген федерация мүшелері, жаттықтырушылар мен спортшылар бір орталықта бас қосып, таңдау жасау үшін өз учаскелеріне аттанды, деп хабарлайды otpannews.kz дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дзюдошылар еліміз үшін маңызды саяси науқанда таңдау жасау – азаматтық борыш деп біледі.


- Бұл – еліміз үшін тарихи сәт. Мұндай маңызды қадамда азаматтық борышымызды таныту – бізге парыз. Еліміздің оң өзгерістеріне спортшы ретінде, патриот азамат ретінде өз таңдауымызды жасауымыз керек деп білемін. Референдум арқылы еліміз нық қадам жасап, болашағы жарқын болатынына сенім білдіремін, - деді дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!