Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда 20 шақырымнан астам магистральдық жылу желілері жаңарды

Жанкелді Қаржан
|
15.09.2025 11:28
Ақтауда 20 шақырымнан астам магистральдық жылу желілері жаңарды
ҚР энергетика министрлігі

Қысқы жылыту кезеңіне дайындықты бақылау аясында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақтау қаласы мен "МАЭК" ЖШС жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады, деп хабарлайды otpannews.kz энергетика министрлігіне сілтеме жасап.


Негізгі назар магистральдық жылу желісін ауыстыру жобасына аударылып отыр. "Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау" жобасы аясында 2024 жылдан бастап "МАЭК"ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғырту жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 11,5 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды.


Биыл 9,9 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылған. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар іргелес аумақты абаттандыру бойынша соңғы іс-шараларды жүргізіліп жатыр.


Жобаны іске асыру жылумен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыруға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді, бұл қала тұрғындары үшін үздіксіз және сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.


ЖЭО-2 "МАЭК" ЖШС-де № 13 қазандық пен № 3 турбинаны жөндеуде а.ж. қазан айының ортасына дейін ЖЭС-те № 2 энергоблок жөнделген. Комитеттің аумақтық департаментіне жылу желілері мен жылу және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына мониторингті тұрақты негізде жалғастыру тапсырылып отыр.


46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!