Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Қызылсай» паркінде аң-құстарды бақылау үшін фототұзақтар орнатылады

Жанкелді Қаржан
|
15.09.2025 12:10
«Қызылсай» паркінде аң-құстарды бақылау үшін фототұзақтар орнатылады
"Қызылсай" паркінің баспасөз қызметі

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты қаумал аумақтарына аң-құстардың жай-күйін бақылау мақсатында фототұзақтар орнатылады, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

«Қызылсай» паркінің басшысы Мыңберген Қаратауовтың сөзінше, бұл шара табиғат қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыра түспек.


«Бұл шара табиғат қорғау жұмыстарының тиімділігін арттырып, қоршаған ортадағы жануарлардың жағдайын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Фототұзақтардың орнатылуы табиғи ортаның сақталуына қосымша қолдау болады деп сенемін», - деді ол.


Сонымен қатар, бұған дейін «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қаумал басшысы Ж.Есенғалиев өз қарамағындағы мемлекеттік инспекторларымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізген болатын. 

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!