«Отаным – Қазақстан» атты патриоттық әндер кеші өтті
"Жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені дамыту" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Батыр ауылындағы №19 жалпы білім беретін мектепте Мұнайлы ауданының мектеп оқушыларының қатысуымен «Отаным – Қазақстан» атты патриоттық әндер кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, елге деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру, туған жерге сүйіспеншілікті нығайту болды.
Ән кешіне ауданның әртүрлі білім ордаларынан келген өнерлі оқушылар қатысып, өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар Қазақстанға, туған ел мен жерге арналған патриоттық әндерді шырқап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Кеш соңында белсенді қатысушылар мен өнерпаздарға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Аталған жоба Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “ӘСЕР” қоғамдық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылуда.