Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда Mangystau Hub алаңында стартап-жобалар додасы өтті

Ақтауда Mangystau Hub алаңында стартап-жобалар додасы өтті

Ақтауда Mangystau Hub алаңында инновациялық стартап-жобаларға арналған Idea Battle байқауы мен дәстүрлі Pizza Pitch форматындағы кездесу өтті. Аталған шаралар жас кәсіпкерлер мен IT саласындағы мамандарды біріктіріп, өңірдегі цифрлық кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға бағытталады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Idea Battle байқауында қатысушылар өз жобасын сарапшылар алдында қорғап, стартапты дамытуға арналған қолдау мен жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.


Шара соңында сарапшылар шешімімен жеңімпаздар анықталды.


1-орын – Ruh VR жобасы (500 000 теңге) - VR/AR технологиясына негізделген білім беру платформасы, ол тарихты жаңа, интерактивті форматта ұсынады.


2-орын – ZhanuIV жобасы (300 000 теңге) - туристерге ақпарат іздеуге кететін уақытты 70%-ға үнемдейтін жасанды интеллект негізіндегі гид-жүйе.


3-орын – Nomad Visit жобасы (200 000 теңге) - ғылыми зерттеулер мен сарапшылардың пікірлері негізінде оқытылған интеллектуалды психолог чат-бот.


Ал дәстүрлі Pizza Pitch-ке алдын ала іріктеуден өткен жеті команда қатысты. Олар өз жобаларын білім беру, агротехника, мансаптық даму және жастарды жұмыспен қамту бағыттарында таныстырды.


Қазылар алқасы жобаларды өзектілігі, инновациялық шешімдері мен коммерциялық әлеуеті бойынша бағалап, үздік үш стартапты анықтады.


1 орын — Hydrogenix Grow. Агросекторға арналған ақылды жүйе гидрогель мөлшерін есептеп, топырақ ылғалдылығын бақылайды және суару бойынша нақты ұсыныстар береді. Бұл шешім суды үнемдеуге және өнімділікті арттыруға бағытталған.


2 орын — Career Guide. Пайдаланушыларға жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына қарай кәсіби бағыт таңдауға көмектесетін онлайн-платформа.


3 орын — Teens Job. Жасөспірімдерге арналған қауіпсіз және қолжетімді онлайн-платформа. Ол оқушылар мен студенттерге қосымша жұмыс, тәжірибе және волонтёрлік мүмкіндіктер табуға жол ашады.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!