Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Tengrii Fashion Week: дәстүр мен кутюр тоғысқан сәт

|
05.11.2025 14:06
Tengrii Fashion Week: дәстүр мен кутюр тоғысқан сәт

Ақтауда Tengrii Fashion Week Kazakhstan іс-шарасы өтті. Бұл – стильдің, мәдениет пен бірліктің символына айналған жоба, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Биыл Tengrii Fashion Week алғаш рет түркі әлемінің әр түкпірінен келген дизайнерлерді біріктірді. Башқұртстаннан келген MinZifa бренді нәзік әйел болмысы мен ұлттық өрнектен шабыт алған коллекциясын ұсынды. Ал Моңғолиядан келген Jack Valiant бренді – дала рухы мен ерлердің харизмасын сахнаға алып шықты. Өзбекстандық Azukar Moreno – Шығыс колоритін және көркем энергияны әр бөлшегіне енгізді. 


Отандық өнімдер қатарында Нұршах сән үйі және заманауи әйелдің нәзіктігі мен қайсарлығын қатар бейнелейтін Мадина Масақова сән үйі болды. 


“Tengrii Fashion Week-тің басты ұстанымы – өз халқының рухани ДНҚ-сын сақтайтын кутюр дизайнерлері. Мұнда жай ғана киім тігілмейді — мұнда дәстүр, мәдениет пен мінез өрнектеледі. Әр коллекция — қол еңбегінің жемісі, әр тігісінде тарих пен тектілік ізі сезіледі.
Tengrii подиумында бренд емес, талант бағаланады. Мұнда даралық пен тереңдікке мән беріледі: матаны – тарихқа, ал шеберлікті – өнерге айналдыра білу”,- дейді жоба ұйымдастырушылары Ерлан мен Қарлығаш Ерубаевтар. 


Бұл жұп сән әлемі мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру саласында 10 жылдан аса уақыт қызмет етіп келеді. Олардың айтуынша, бүгінде Ақтаудағы сән көрсетілімдері елдегі мегаполистерден асып түспесе, кем емес.


“Tengrii Fashion Week — жай ғана подиум емес. Бұл – мәдени кеңістік, мұнда бизнес элита, шығармашылық көшбасшылар мен индустрия өкілдері бас қосады. Мұнда шабыт пен еркін ой атмосферасы орнайды: сән – жаңа идеялар мен диалогқа себеп болады.
Tengrii ерекшелігі – оны ер адамдар да ерекше ұнатады: табысты, стильді, талғамы жоғары азаматтар. Жыл сайын олардың саны артып келеді, бұл өз кезегінде шараның рухын одан әрі байыта түседі”,- дейді ұйымдастырушылар.
70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!