Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда тұрғындар Yessenov University саябағына 100 түп ағаш отырғызды

|
05.11.2025 11:06
Ақтауда тұрғындар Yessenov University саябағына 100 түп ағаш отырғызды

Ақтауда «Жасыл саяжол» республикалық акциясы аясында Yessenov University саябағында 100 түп ағаш отырғызылды. Акция «Таза Маңғыстау» челленджінің жиырма төртінші күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Yessenov University баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға банк қызметкерлері мен серіктестері, студенттер, қала әкімдігінің өкілдері және тұрғындар қатысты. Акция Home Credit Bank-тың 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.


Home Credit Bank Ақтау филиалының директоры Манас Мұсаның айтуынша, отырғызылған жас қайың мен сирень көшеттері Каспий маңы өңірінің климатына жақсы бейімделген. Уақыт өте келе бұл ағаштар жайқалып өсіп, қала тұрғындары үшін хош иіс пен көлеңке сыйлайтын демалыс аймағына айналады.



- Ақтауды көгалдандыруға атсалысу – біздің қалаға деген құрметіміздің белгісі. Университет жастары экологиялық жобаларды әрқашан қолдауға дайын, – деді Yessenov University студенті Нұрдәулет Оралбай.
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!