“Эстетикалық” операцияларды мемлекет есебінен жасатуға болады
Енді туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов өз парақшасында жариялады.
“Ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар – реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады. Біз осындай бастама жасап, заңға түзету енгіздік”,- деп жазды ол.
Бұрын мұндай оталар негізінен «эстетикалық» деп саналып, ата-аналар өздері қаржы іздеуге мәжбүр болды. Ал іс жүзінде – бұл балалардың тыныс алуы, көруі мен психологиялық жағдайына әсер ететін маңызды мәселе.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев