Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Келешек мектептерінің» заманауи еңбек кабинетінің әлеуеті қандай?

|
05.11.2025 13:52
«Келешек мектептерінің» заманауи еңбек кабинетінің әлеуеті қандай?

Ақтау қаласының 17-шағынауданында орналасқан №31 «Келешек мектебінде» оқушылардың шығармашылық және практикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа үлгідегі еңбек кабинеттері таныстырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл жоба оқушылардың тек теориялық білім емес, өмірде қажет болатын кәсіптік дағдыларды да меңгеруіне жол ашады.


2025 жылдың қаңтар айында есігін айқара ашқан бұл білім ордасы – еліміздегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған заманауи оқу орындарының бірі. Мұнда бүгінде 2245 оқушы білім алуда, оларға 160 педагог сабақ береді. Мектеп директор Қуаныш Ескендір Құмбаевтың айтуынша, басты мақсат – сапалы білімді баршаға қолжетімді ету және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.


«Мектептің материалдық-техникалық базасы ерекше назар аударарлық. Кең әрі жарық дәліздер, барлық пәндерге арналған жабдықталған кабинеттер, бірнеше спортзал, хореография залы, робототехника кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, ер және қыз балаларға арналған еңбек шеберханалары және заманауи дизайн кабинеті ашылған», - деді Ескендір Яссауиұлы.


Еңбек сабақтарында қыз балалар аспаздық өнердің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық тағамдарды әзірлеуді үйренсе, ер балалар ағаш жону, металл өңдеу, зергерлік бұйым жасау және тақтай бетіне ою-өрнек түсіру сынды қолөнер түрлерін игереді. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер дәстүрлері мен тұрмыстық шеберлікке де ерекше мән беріледі.


«Мектепте оқуға қабылдау конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде білімге тең қолжетімділік қағидатын сақтауға мүмкіндік береді. Осындай жаңа бағыттағы шеберханалар мен кабинеттер оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын ерте айқындауға жол ашады», - деді мектеп басшысы.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!