Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда Аналар кеңесі орталығы ашылды

Гүлмира Аманжолқызы
|
15.09.2025 15:52
Маңғыстауда Аналар кеңесі орталығы ашылды

Маңғыстауда Отбасы күні орай Yessenov университетінде «Аналар кеңесі» орталығы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Шараға облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішов, облыстық аналар кеңесінің төрағасы Аманкүл Джайлханова, университеттің атқарушы вице-президенті Ермек Нұрмағанбет, білім және ғылым саласының өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері мен студенттер қатысты.


Жаңа орталықтың мақсаты - отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қыз бала тәрбиесіне мән беру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту. «Аналар кеңесі» орталығының төрағасы болып Жанымгүл Баймырза тағайындалды.


Орталықта жас ұрпаққа, әсіресе қыз балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру көзделген, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық белсенділігін көтеру бағытында түрлі танымдық іс-шаралар өткізіледі. Орталық тәрбие мен тағылымға негізделген бастамалардың алаңына айналмақ, - деді Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің басқарма басшысы Жанымгүл Баймырза.
40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!