Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Биыл 8 айда Маңғыстауда 2827 жұп шаңырақ көтерді

Нұргүл Алясова
|
12.09.2025 16:38
Биыл 8 айда Маңғыстауда 2827 жұп шаңырақ көтерді
gov.kz

Биыл қаңтар-тамыз айларында Маңғыстауда 2827 неке тіркелді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының АХАТ басқармасының мәліметінше, ең көп неке тамыз айында – 407, ең аз неке ақпан айында – 307 тіркелді. Жалпы тіркелген некелердің ішінде қалада -238, ауылдық жерлерде - 589 неке рәсімделген. Маңғыстауда некеге тұрғандардың жасы бойынша ең жоғары көрсеткіш – 68 жас.


Ал Қазақстан бойынша биыл 8 айда 77 951 неке қиылды. Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні елімізде 631 жұп шаңырақ көтерді. 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет екенін хабарлады. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!