Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаудағы Түркия консулдығы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Жанкелді Қаржан
|
12.09.2025 11:18
Ақтаудағы Түркия консулдығы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Türkiye in Aktau

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығы Сенек ауылының маңындағы жол апатынан қаза тапқардардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл туралы консулдықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпарат жария болды.


«Сенек ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасында 10 бауырымыздың қаза болғанын күйзеліспен естідік. Апатта қайтыс болғандарға Алладан рақым, отбасыларына сабыр, жараланған 3 бауырымыздың тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Апатқа байланысты, көңілімізді білдіреміз. Алла рақымына алсын», - деп жазылған көңіл айту жазбасында.


Кеше Бекет Ата басына зиярат етуге жол тартқан жолаушылар мінген көлік апатқа ұшырап, салдарынан 10 адамның өмірі үзілген еді. Сонымен бірге, қазіргі уақытта үш адам ауруханада ем қабылдап жатыр.


Аталған қайғылы жағдайдан соң Маңғыстау облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстарына да жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық шығынды өз мойнына алатынын мәлімдеген болатын.  

98
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!