Сенек маңындағы апаттан зардап шеккендердің бірі санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді

Сенек маңындағы апаттан зардап шеккендердің бірі санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді
11 қыркүйекте Сенек ауылынан 90 шақырым жерде Бекет-ата – Шопан-ата автожолында жол-көлік оқиғасы болып, 10 адам қаза тапты. Жарақат алған үш жолаушы Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгенін жазған едік.
1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел реанимация бөлімінде, жағдайлары ауыр болған. 12 қыркүйекте реанимациядағы екі науқастың бірі санитарлық авиациямен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Реанимациядағы екінші науқастың жағдайы тұрақтанды, ол бөлімшеге ауыстырылды. Сондай-ақ, 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде, оның жағдайы тұрақты ауыр, ем алып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
