Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда қоқыс үйінділері тазаланды

Нұргүл Алясова
|
12.09.2025 19:40
Ақтауда қоқыс үйінділері тазаланды

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, коммуналдық сала мамандары қала аумағындағы өндірістік аймақтардың бірінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, 180 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықты шығарды. Бұл жұмыстарға 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.


Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы жүзеге асырған ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша 17 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталған болатын.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!