Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін борт жіберілді

Нұргүл Алясова
|
12.09.2025 13:36
Жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін борт жіберілді
ІІМ

Бортта денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары Маңғыстауға ұшып келеді, деп хабарлайды otpannews.kz ІІМ сілтеме беріп. 


Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.


— Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, — деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.
82
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!