Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысы әкімдігі жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Жанкелді Қаржан
|
11.09.2025 21:50
Маңғыстау облысы әкімдігі жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
ІІМ

Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. 


Зияратшылардың арасында еліміздің өзге аймақтарынан келген тұрғындар да болған. Әкімдік марқұмдардың туған-туыстарына да жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық шығынды өз мойнына алатынын хабарлайды.


Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:


Жауапты қызметкер Әсет Нұров 📞 87016218015


Айта кетейік, бүгін сағат 15:30 шамасында Бекет атаға зиярат етіп бара жатқан «Toyota Hiace» автокөлігі Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапты. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!